Қырғызстан полициясы елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында құқыққорғаушы белсендіні қамауға алды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.
"Әділ сот - ақиқат" атты құқыққорғаушы орталығының директоры Равшан Гапировтың мәлімдеуінше, оның әріптесі Равшан Азизовқа тыйым салынған "Хизбут Тахрир" партиясының мүшесі және заңсыз қаруға ие болды деген айыптар тағылып отыр. Гапиров пен тағы басқа белсенділердің айтуынша, Азизовтың тұтқындалуының саяси астары бар.
Ішкі істер министрлігінің аймақтық департаментінің өкілдері Азизовтың қамауға алынуына байланысты пікір білдіруден бас тартты.