Accessibility links

Қазақстанда жаңа жылдан бастап ұлтық біртұтас денсаулық сақтау жүйесі енгізіледі


Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Нұргүл Хамзинаның айтуынша, ұлттық жүйе аясында стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын бөлімшелерге республикалық бюджеттен тек нақты емделген жағдайларда ғана ақы төлеуді енгізу ұсынылады.

Бұдан бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің: «2020 жылға дейін есептелген денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары медициналық қызмет көрсетудегі бәсекелестікті қалыптастыру, пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау еркі мен медициналық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді», — дегенін хабарлаған болатынбыз.

Министрліктің мәліметінше, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін құру екі кезеңнен тұрады. 2010-нан 2015 жылды қоса қамтитын алғашқы кезеңде туберкулез, жүйке және жұқпалы аурулардан басқа науқастарды емдеу ақысын орталықтандыру енгізіледі, ал 2016-2020 жылға дейінгі кезеңде азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін қалыптастыру жоспарланған.
XS
SM
MD
LG