Accessibility links

Сенатта "Ұлт көшбасшысы" туралы заңға қолдау білдірілуде


Кейбір сенаторлар "Ұлт көшбасшысы" жөніндегі заң қабылдауды ұсынып отыр. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Сенаторлар бұл ұсыныс жөнінде президенттің пікірін білу қажеттілігін атап көрсетті деп хабарлайды "Жаңалықтар-Қазақстан" агенттігі.

Бүгін парламент сенатының вице-спикері Александр Судьин журналистерге берген сұхбатында "Ұлт көшбасшысы" туралы заң қабылдануы қажет деп мәлімдеді. Ал ауылшаруашылық пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша сенат комитетінің төрағасы Евгений Аман бұл мәселеге байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың пікіріне құлақ асуды ұсынып отыр.

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев партия Назарбаевтың өмірлік президент болуын қарастыратын «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заң қабылдауды ұсынбақ ниетте деп мәлімдеді. Оның алдында бұл идеяны Ақтөбеде ғалым профессор Закратдин Байдосов көтерген болатын. Саяси оппозиция бұл ұсынысқа наразылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG