Accessibility links

НАТО басшысы Ресеймен диалог өткізуге шақырды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты теке-тіресті жеңілдету үшін және ортақ проблемалармен күресу мақсатында Ресеймен диалог өткізуге шақырды.

Расмуссен Британияның Financial Times басылымына берген сұхбатында НАТО-ның ұзақ мерзімді стратегиялық дамуы қандай болуы керек деген сауалға байланысты Кремлдің көзқарасын білу үшін жоғары лауазымды ресми өкілдерден Мәскеуге баруды сұрайтынын мәлімдеді. Расмуссен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Еуропада жаңа қауіпсіздік құрылым құру жөніндегі ұсынысын талқылауға әзір екенін хабарлады. Ол сондай-ақ НАТО мен Ресей арасындағы айырмашылықтарды атап өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG