Accessibility links

Қазақстанда ЕҚЫҰ институтының өкілдері төрағалыққа дайындықты талқыламақ


Бүгін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына дайындық аясында Ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросы (ДИАҚБ) «Төрағалықтың арнайы тобы — Task Force» қызметкерлеріне арналған брифинг өткізбек.

Бюро өкілдері брифинг барысында 2010 жылға жоспарланған ДИАҚБ-ның қызметі туралы ақпарат беріп, СІМ-нің сарапшыларымен консультациялар өткізеді.

ЕҚЫҰ-ның институты ДИАҚБ-ның негізгі мақсаты ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттердің барлығында адам құқықтарын сақтау, демократияны нығайту, заң үстемдігі мен азаматтық қоғамды дамыту, шыдамдылық пен кемсітпеушілікті жақтау арқылы аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Осыған қоса, өз мандатына сәйкес, ДИАҚБ аймақтағы сайлауларға бақылау жүргізетін ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылады.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG