Accessibility links

Сирия мен Ирақтың Сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізбек


Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем ирақтық әріптесі Хошияр Зебаримен Стамбулда кездесіп, екі ел арасындағы байланыстар шиеленісін шешуге бағытталған келіссөздер жүргізбек.

Сирия Ирақтың Бағдатта 19-тамыз күні болған террорлық шабуылға қатысы бар делінген екі күдіктіні беру туралы талабын орындаудан бас тартқан болатын. Бұл террорлық шабуылдың салдарынан 100-ден астам адам құрбан болды.

Ирақ премьері Нури әл-Малики БҰҰ-ны аталған шабуылды зерттеуге шақырды.

Бүгінгі келіссөздер Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглудің дәнекерлігімен жүзеге аспақ.
XS
SM
MD
LG