Accessibility links

Алматыда фото өнерінің 170 жылдығына арналған көрме ашылады


Бүгін сағат 18.00-де Алматыдағы Ғалымдар үйінде «Фотосозвездие» атты фотосурет көрмесі ашылады. Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген шараның ұйымдастырушысы, «Медеу» фотоклубының президенті Валерий Коренчуктің айтуынша, бұл фотосурет көрмесі фото өнерінің 170 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Фотокөрмеге жиналған жұртшылыққа Бірінші дүниежүзілік соғыста оң қолынан айырылған фотограф Йозеф Судектің шығармашылық жолы мен қос қолының жоқтығына қарамастан фотографияның шебері болған Янис Глейздстің батылдығы туралы мағлұмат беріледі.

Көрмеге Ансел Адамс, Йозеф Судек; Римантас Дихавичюс, Янис Глейздс, Вацловас Страукас, Зиновий Шегельман; Эдвард Хартвиг сынды әлем фотосуретшілерінің туындылары қойылмақ.
XS
SM
MD
LG