Accessibility links

Обама мен Чехия премьері телефон арқылы сөйлесті


Чех үкіметінің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама премьер-министр Ян Фишерге телефон шалып, АҚШ-тың Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жүйесін дамыту туралы жоспарын талқылаған.

Wall Street Journal басылымының мәліметінше, АҚШ Чехияда радар, ал Польшада зымырандарды жоятын жүйесін орнату жоспарынан бас тартпақ себебі Иран ұзақ қашықтыққа жететін зымырандарды дамытуын баяулатқан.

Ресей қарсы болған бұл жобаны бұрынғы президент Джордж Буш бастаған еді.
XS
SM
MD
LG