Accessibility links

АҚШ Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатпайды


Чехия премьер-министрі Ян Фишердің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама оған Вашингтон Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөлігін орнату жоспарынан бас тартады деген.

Бейсенбі күні Фишер төтенше баспасөз маслихатын өткізіп, былай деп мәлімдеді: "Бүгін президент Барак Обама маған телефон шалып, АҚШ үкіметі Чехия жерінде зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату ниетінен бас тартады деп хабарлады".

Оның алдында Wall Street Journal басылымы АҚШ Чехияда радар, ал Польшада зымырандарды жоятын жүйесін орнату жоспарынан бас тартпақ себебі Иран ұзақ қашықтыққа жететін зымырандарды дамытуын баяулатқан деп хабарлаған болатын.

Ресей қарсы болған бұл жобаны бұрынғы президент Джордж Буш бастаған еді.
XS
SM
MD
LG