Accessibility links

Жексенбі күні Ораза айт басталады


20-қыркүйек күні қасиетті Рамазан айы, онымен бірге ораза аяқталғаннан кейін мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын ұлық мереке — Ид-әл-Фитр, яғни Ораза айт басталады.

Айлардың сұлтаны — Рамазанның аяқталуын білдіретін бұл ұлық мерекені ізгі істермен, жақын-жұрағаттарға деген ерекше қамқорлықпен, мүсәпір-мүскіндерге қайырымдылық көрсетумен атап өту керек.

Мұхаммед пайғамбар: «шын ниетпен және үмітпен ораза тұтқандардың күнәлары кешіріледі» деген. Мұсылман үшін Ораза айт — Рамазан айының қасиетті күндерімен қоштасу.

Айт күндері айт намазын оқумен басталып, осы күнге аман-сау жеткізгені үшін Жаратқанға мадақтар айтылып, шейіт болған әруақтарға құран бағышталады. Мұсылман бауырлар бірінің шаңырағына бірі бас сұғып, есен-саулық сұрасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілейді.
XS
SM
MD
LG