Accessibility links

Алматы қаласы күнінің мерзімі ауыстырылды


2009 жылдың маусым айында өткен қалалық мәслихаттың XIX сессиясында қала басшылығы Алматы қаласының күнін қыркүйек айының үшінші жексенбісіне ауыстыру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Мұндай ұсыныс жасаудағы басты мақсат — үлкен мегаполистің күнін өз алдына жеке атап өту, себебі бұл күн кей ретте қазан айының басында аталып өтетін Қарттар және Мұғалімдер күнімен тұспа – тұс келіп қалады, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Сонымен, биыл Алматы қаласының күні мерекесі 20 -қыркүйек күні аталып өтпек. Бұған дейін Алматы қаласының күні жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланып келе жатқан болатын.

Қала күні мейрамына байланысты «Күй кеші», «Алматы – жастар қаласы», «Алматым жүрегімде», «Алматы — менің алғашқы махаббатым», «Ана тілім — ардағым» атты фестивальдер мен «Мисс Казахстан -2009» байқауы, «Алматы – менің сүйікті қалам» фотобайқауы, « Мейірімді адамдар қаласы» кітап көрмесі, «Антиграффити» жастар акциясы, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ретрофильмдерінің көрсетілімі және басқа да көптеген мерекелік шаралар өткізіледі.
XS
SM
MD
LG