Accessibility links

Талибан Тәжікстанға жайылуы мүмкін


Ауғанстанда АҚШ жетекшілігіндегі коалиция мен Талибан арасындағы қақтығыстардың салдарынан зорлық-зомбылық әрекеттері көршілес Тәжікстанға жайылуы мүмкін. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының әскери жаттығулары басталған кезде Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары Рамиль Надыров мәлімдеді.

Ауғанстандағы АҚШ күштеріне арналған кей жүк машиналары қазір Тәжікстан арқылы өтеді. Бұл елде 1990 жылдары азаматтық соғыс орын алған болатын. Өткен айда Тәжікстан қауіпсіздік күштері Талибанға қатысы бар қарулы топтың көзін жойғанын хабарлаған-ды.
XS
SM
MD
LG