НАТО бас хатшысы Ресейді зымыраннан қорғаныс мәселесіне қатысты альянспен бірге жұмыс істеуге шақырып, ақыр аяғында АҚШ пен НАТО-ның және Ресейдің зымыранға қарсы жүйелерін байланыстыру жолдарын қарастыруды ұсынды. Андерс Фог Расмуссен бұл жөнінде жұма күні Ресейге қатысты саясатын жариялаған кезде хабарлады.
Оның алдында Вашингтон Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартқан болатын. Бұл жобаға Ресей қарсы болған-ды.
Фог Расмуссен сондай-ақ Ресей мен НАТО ортақ қауіпсіздік мәселелерін бірге қарастыруы тиіс деп атап көрсетті.