Accessibility links

Ресей НАТО басшысының мәлімдемесін мадақтады


Ресейдің НАТО-дағы өкілі Дмитрий Рогозин альянс басшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдемесі "позитивті әрі өте конструктивті" болды деп мәлімдеді.

НАТО бас хатшысы Ресейді зымыраннан қорғаныс мәселесіне қатысты альянспен бірге жұмыс істеуге шақырып, ақыр аяғында АҚШ пен НАТО-ның және Ресейдің зымыранға қарсы жүйелерін байланыстыру жолдарын қарастыруды ұсынды. Андерс Фог Расмуссен бұл жөнінде жұма күні Ресейге қатысты саясатын жариялаған кезде хабарлады.

Фог Расмуссен сондай-ақ Ресей мен НАТО ортақ қауіпсіздік мәселелерін бірге қарастыруы тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG