Жұмаға қараған түні тұтқындалған "Республика - деловое обозрение" газеті "Моя Республика - факты, события, люди" деген жаңа атпен шыға бастады. Бұл туралы аталған басылымның интернеттегі парақшасы хабарлады. Саудаға шығарылған жаңа басылымның мәліметтері түнде тәркіленген тираждың мазмұнына толық сай келеді делінеді.
Қыркүйектің 9-ы күні Алматының Медеу аудандық соты БТА банктың талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына «Республика» газетінің бас редакторынан, меншік иесі мен шығарушыдан жиынтығы 60 миллион теңгені моральдық өтем ретінде өндіріп алу туралы шешім шығарған болатын. Сот ісінің басталуына БТА банкқа қатысты «Хрен редьки не слаще» атты мақала себеп болған еді.