Accessibility links

Халықаралық қаржы қоры өз алтынынан сататын болды


Халықаралық валюта қоры кедей елдерге несие беруге көмектесу үшін және қаржылық мүмкіндігін нығайту мақсатында өзінің алтын қорының шектеулі бөлігін сатуды мақұлдады.

Қордың атқарушы кеңесі жұма күні мәлімдегенінде, бөлініп отырған 403 тоннадан аса алтын қоры әлемдік нарықтағы бағаға әсер етіп, кері салдар тудырмайтындай біртіндеп сатылатын болады деген.

Халықаралық қаржы қорының басшысы Доминик Страусс-Кан кеңестің бұл шешіміне көңілі толатынын білдірді. Ол алтынды сату ұйымның қаржылық жағдайын ұзағырақ тұрақтындырып, кедей елдерге қаржылай мүмкіндіктер беретін болады деген.
XS
SM
MD
LG