Accessibility links

Клинтон Иранға ядролық бағдарламасына қатысты ескерту жасады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін дәлелдеуден бас тартуы әлемдік қауіпсіздікке төтенше салдарын тигізеді деді. Клинтон ханым бұл туралы Вашингтондағы Врукингс университетінде айтты.

Мемлекеттік хатшы Обама әкімшілігінің Иранмен сөйлесу ұсынысы күн тәртібінен түскен жоқ дей келе, бірақ Теһран өз жоспарларына байланысты талаптарды орындамаған жағдайда оқшаулану мен жаңа жазаларға тап болады деді.

Хиллари Клинтон сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты айтылған алаңдаушылықтарға жауап беретін уақыт жетті деген. Бұл мәселе БҰҰ-ның алдағы апталардағы отырысында басты тақырып ретінде қаралатын болады деп айтты АҚШ мемлекеттік хатшысы.
XS
SM
MD
LG