Accessibility links

Йемен шиит бүлікшілеріне атысты тоқтатуды ұсынды


Йемен үкіметі елдің солтүстігінде күресіп жатқан шиит көтерілісшілеріне атысты тоқтатуды ұсынды.

Қақтығысты тоқтату туралы жариялаған Йемен үкіметі бұл халықаралық үндеулерге жауап болды деген.

БҰҰ мен Құрама Штаттар он мыңдаған бейбіт тұрғынға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін аймақта атысты тоқтатуға шақырып келген.

Соңғы апталарда шиит бүлікшілері мен армия күштері арасындағы қақтығыстан қорғанып, көптеген адам бас сауғалап кетті.

Бұл соңғы екі аптаның ішіндегі екінші атысты тоқтату ұсынысы, алдыңғысы бірнеше сағаттың ішінде бұзылған болатын.
XS
SM
MD
LG