Accessibility links

Мәскеу Ахмадинежадтың Холокост туралы айтқаны көңілге қонбайды деді


Ресей Сыртқы істер министрлігі сенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Холокост аңыз деген мәлімдемесі толығымен ақылға қонбайтын сөз деп айтты.

Министрлік өкілі Андрей Нестеренконың айтуынша, тарихты қайта жазуға тырысу әсіресе, Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 70 жыл толғандығы осы жылы аталып өтейін деп жатқанда, оның құрбандарына тіл тигізеді, фашизммен күрескендерді ренжітеді.

Ахмадинежад жұма күні Теһран қаласында палестиндықтарды қолдау ретінде өткен Әл-Құдыс күнінде, Холокосты ойдан шығарылған миф деп атаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG