Accessibility links

Тайванда ұйғырлар туралы фильм көрсетіледі


Ұйғырлардың шетелде қуғында жүрген жетекшісі Рәбия Қадыр туралы фильм Қытайдың наразылығын тудырады деген алаңдаушылыққа қарамастан, Тайванда көрсетілмекші.

Деректі фильм осы аптада Тайванның оңтүстіктегі қаласында өтетін фестивальде көрерменнің назарына ұсынылады.

Қытай Дүниежүзілік Ұйғырлар конгресінің жетекшісі Рәбия Қадырды шілде айында Шыңжаңдағы этникалық қақтығысты ұйымдастырды деп айыптайды. Қытайдағы Тайвань істерімен айналысатын агенттік бұл фильмді айыптады.

Осы жылдың басында Қытайдың Австралиядағы кинофестивальден осындай кинокартинаны алып тастамақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшыраған.
XS
SM
MD
LG