Бүгін Парижде Францияның бұрынғы премьер-министрі Доминик де Вильпеннің ісі бойынша сот басталады.
55 жастағы Вильпенге қазіргі президент Николя Саркозидің беделін түсіру мақсатында астыртын әрекетке барған деген күдікпен айып тағылып отыр. Егер оның кінәлі екендігі анықталса, онда Вильпен бес жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін.
Бұрынғы премьер-министр өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды.
Сот ісінің деректері 2004 жылдан басталады. Сол жылы Саркози есімі халықаралық қару саудасына байланысты пара алған делінетін саясаткерлер мен кәсіпкерлердің тізіміне ілінген еді. Кейін сот бұл тізімді жалған деп тапты.