Accessibility links

Ашығу құқығын жеңіп алған австралиялық қайтыс болды


Өмірмен қоштасу үшін тамақтан бас тарту құқығын сотта жеңіп шыққан австариялық мүгедек дүйсенбі күні көз жұмды. Мойнынан төменгі мүшелері жұмыс істеуден қалған 49 жастағы Кристиан Росситер елдің батысындағы Перт қаласында қарттар үйінде қайтыс болды.

Осыдан бес апта бұрын кезінде биржа маклері болып істеген Росситердің тамақтан бас тарту туралы өтінішін австралиялық сот қанағаттандырған еді. Росситер тамақты асқазанға жалғанған түтікшемен қабылдап келген. Ол өзінің тіршілігін «тозақ» деп сипаттаған болатын.
XS
SM
MD
LG