Accessibility links

Ресей министрлігі әйелдің H1N1 вирусынан қаза болғандығын растамады


Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі бір әйелдің доңыз тұмауынан көз жұмғандығын жоққа шығарып отыр. Дүйсенбі күні министрдің орынбасары Вероника Скворцова журналистердің алдында сөйлеген сөзінде доңыз тұмауынан қаза болды делінген әйел шын мәнінде пневмониядан қайтыс болған деп атап көрсетті.

Оның алдында елдің вирусология институтының директоры Дмитрий Львов Ресейде алғашқы рет H1N1 тұмауынан өлу жағдайы тіркелді деп хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл осыдан үш апта бұрын Болгариядан оралған әйел осы кеселден көз жұмған. Науқас екі апта ауырған, одан соң оны мәскеулік ауруханаға ауыстырған, қайтыс болардан бір күн бұрын оған диагноз қойылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұма күнгі хабарына қарағанда, әлемде доңыз тұмауынан 3486 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG