Accessibility links

Ресей генералы зымыран жоспары күнтәртібінен түскен жоқ деді


Ресейдің қарулы күштер бас штабының басшысы Құрама Штаттардың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартуынан кейін, Ресей Польшаға жақын Калининград аймағында зымыран орнату жөніндегі жоспарын күнтәртібінен түсірген жоқ деп мәлімдеді.

Генерал Николай Макаровтың айтуынша, ол шешім өзгерген жоқ, ол саяси шешім болуы керек. Және оны президент шешуі керек.

Сенбі күні Ресейдің қорғаныс вице-министрі Владимир Поповкин АҚШ-тың қадамына жауап ретінде Ресей де өз шараларын тоқтатады деген еді.

Ресей егер Вашингтон Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатса, өздері қысқа қашықтықтағы зымырандарын Калининградта орнататындықтарын айтып келген.
XS
SM
MD
LG