Accessibility links

Республика газеті құқық қорғау органдары тарапынан қысым көріп жатқанын айтты


Өткен аптадан бастап басқа атаумен шыға бастаған «Республика» газетінің ұжымы басылымды таратушыларға прокуратура өкілдерінің қысым жасап жатқанын айтып, дүйсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізді.

Газет ұжымының айтуынша, құқық қорғау органдары басылымды таратпау амалдарын іздестіріп, түрлі шараларды қарастырып отыр. Өткен аптада тиражы тәркіленген “Республика-деловое обозрение” газеті атауын өзгертіп “Моя республика, факты, событие, люди” деп шыққан болатын.

Құқық қорғау органдары оны да тұтқындамақ болды деген басылым ұжымының мәлімдемесіне қатысты қаржы полициясы бұл арнайы іздестіру шарасы болғандықтан, құпия болып саналады деп жауаптан бас тартқан.

9-шы қыркүйекте Алматыдағы Медеу аудандық соты Республика газетінің үстінен шағым түсірген БТА банктің пайдасына 60 млн теңге өндіріп беру жөнінде шешім шығарған. Бұл сот ісіне БТА банктің жағдайына қатысты басылымда жарық көрген мақала түрткі болды.
XS
SM
MD
LG