Accessibility links

Өзбекстанда парламенттік сайлау науқаны басталды


Республиканың орталық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес сейсенбі күні елдің заң шығарушы Олий Мажилисі мен жергілікті халық депутаттары кеңесіне ресми сайлау науқаны басталды.

Парламенттің төменгі палатасына 150 депутат бес жылға сайланады. Соның ішінде 135 депутат тікелей сайлау барысында анықталады, қалған 15 депутатты Өзбекстанның экологиялық қозғалысы сайлайды.

Діни ұйымдардың қызметкерлері депутат бола алмайды.
XS
SM
MD
LG