Accessibility links

Құқық қорғаушылар: БҰҰ Ирандағы сайлаудан кейінгі оқиғаларды зерттеуі керек


Халықаралық құқық қорғау ұйымдары БҰҰ-ын Иранда биыл жаздағы президент сайлауынан кейін адам құқығының бұзылуын зерттеуге шақырды.

Human Rights Watch және «Ирандағы адам құқығы үшін халықаралық науқаны» ұйымының бірлескен мәлімдемесінде Иранда маусымдағы сайлаудан кейінгі оппозициялық наразылық акцияларын басу кезінде кем дегенде 72 адам қаза болды делінген.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша 4 мыңнан астам адам тұтқындалып, 400-ге жуығы әлі түрмеде отыр. Ұсталғандардың көбісіне зорлық-зомбылық көрсетілгендігі туралы мәлімет бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG