Accessibility links

Италия Ауғанстандағы әскер санын көбейткісі жоқ


Италия әзірге Ауғанстанға қосымша әскер жібермейді деп мәлімдеді осы елдің қорғаныс министрі Игнацио Ла Русса.

Дүйсенбі күні министр Ауғанстанда өткен аптада жанкештілік шабуылдан қайтыс болған алты сарбазды жерлеу рәсімінде сөз сөйледі.

Ла Руссаның айтуынша, НАТО-ның басқа да көптеген мүшелері, соның ішінде ірі мемлекеттер, Ауғанстанға Италиядан гөрі аз әскер жолдады немесе тіпті жолдаған жоқ.

Қазіргі таңда Ауғанстанда бұл елдің 3250 сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG