Accessibility links

Теміртаудағы метталургиялық комбинат жұмысы тоқтатылды


"АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатында конвертор цехінің жұмысы апат салдарынан тоқтатылды деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында 21 қыркүйекте таңғы сағат 6-да су айдағыштың жарылуынан конвертор цехінің жұмысы істен шыққан.

Қалпына келтіру жұмыстарына компанияның 21 қызметкері жұмылдырылды.
XS
SM
MD
LG