Accessibility links

Британдық BG Қазақстанды сотқа берді


"Қарашығанақ жобасына қатысушы британдық BG компаниясы халықаралық төрелік сотына 1 млрд доллардан астам қаржыны қайтаруды талап етіп Қазақстан үкіметін сотқа берді" деп ҚазТАГ агенттігі энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап хабарлады.

Министрдің айтуынша, британдық компания экспорттық кедендік баж салығын төлеуден заңсыздық көріп сотқа жүгінген.

Журналистерге берген сұхбатында Сауат Мыңбаев мұндай түсінбеушіліктер сотқа жетпей жатып шешілетіндігіне сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG