Accessibility links

Карзай Ауғанстанға қосымша әскер енгізуді қолдайды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі американдық қолбасшылардың АҚШ әскерінің санын көбейту туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірді.

CNN-ге берген сұхбатында Карзай генерал Стэнли МакКристалдың Ауғанстандағы жағдайға берген бағасын «дұрыс» деп атап көрсетті.
АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы әскер басшылары Талибан қозғалысының бүлікшілерімен күресте американдық әскер санын көбейту қажеттігі туралы мәселені соңғы уақыттары жиі көтеріп жүр. Бұлай болмаған жағдайда бүлікшілерден жеңіліп қалу қаупі бар деп есептейді әскери қолбасшылар.
XS
SM
MD
LG