Accessibility links

Францияда мигранттар лагеріне тазалау жүргізілді


Франция полициясы елдің оңтүстігіндегі Кале қаласы маңында өз бетімен орнығып алған мигранттар лагерін таратуға кірісті.

Бүгін таңертең қала маңында шатыр тігіп алған 200-ден аса мигрантты кетіруге тырысты. Мигранттардың көбісін ауғандықтар құрап отыр.

Онда қол ұстасып лагерді қоршап алмақ болған жергілікті құқық қорғаушы белсенділер мен полиция арасында текетірес болды. Бірнеше адамның қамалғаны туралы мәлімет бар.

Кале қаласына жақын бұл лагерь 1500-ден аса мигранттың мекеніне айналып, олар Британияға қоныс аудармақшы болған.
XS
SM
MD
LG