Accessibility links

«Бота» қоры Жовтистің қызметін атқарушыны сайламақ


«Бота» қайырымдылық қоры бұған дейін қамқоршылар кеңесінің төраға қызметін атқарып келген Евгений Жовтистің абақтыда отырғандығына байланысты оның қызметін атқарушыны сайлау кеңесін өткізбекші.

Қордың атқарушы директоры Кристофер Каванау, сейсенбі күні Алматыда баспасөз конференциясында, 25 қыркүйекте қамқоршылар кеңесінің жиыны өтетіндігін, кеңес мүшелері төрағаның қызметін атқарушыны сайлайтындығын хабарлады. Бірақ Жовтис қамқоршылық кеңесінің жеті мүшесінің бірі ретінде қала береді.

2008 жылы құрылған «Бота» қайырымдылық қоры Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасыларындағы жасөспірімдер мен дарынды балаларды қолдау ісімен айналысады.

Қор АҚШ, Швейцария және Қазақстанның үшжақты келісімі нәтижесінде, Швейцария банкінде «қазақгейт» ісіне қатысты тұтқындалған 84 миллион доллар есебімен жұмыс атқарады.

Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG