Accessibility links

ЕҚЫҰ Республика газетіне қарсы әрекетке наразылық білдірді


ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі кеңсесінің өкілі Миклош Харасти өткен аптадағы қазақстандық тәуелсіз басылым Республика газетінің барлық тиражы мен оның есеп-шоттарын тұтқындау баспасөзге жасалған ашық қастандық болды деді.

Осы айдың басында Республика газетіне БТА банкіне қатысты мақала басқаны үшін банкке 400 мың доллар айыппұл төлеу міндеттелген. Басылым бұл сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түстірді.

Бірақ өткен аптада құқық қорғау органдары атауын өзгертіп жарыққа қайта шыққан Республика газетінің 23 мың тиражын тартып алған.

ЕҚЫҰ-ның өкілі Харастидің бүгінгі мәлімдемесінде, бұл әрекеттер Қазақстанда аз қалған тағы бір сыни пікір айтушыларды құртуға бағытталған делінген.

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алмақшы.
XS
SM
MD
LG