Accessibility links

Еуропалықтар Грузияда жаңа бір Берлин қабырғасы болуына қарсы


Бүгін Еуропаның бірқатар белгілі тұлғалары Грузияның екі аймағын Ресейдің қосып алу әрекетінен тағы бір Берлин қабырғасының болуына қарсы екендіктерін ескертті.

Сейсенбі күні еуропалық төрт газетке өз қарсылықтары туралы ашық хат жазғандардың қатарында Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел, еуропалық депутат Даниэль Кон-Бендит, француз жазушылары Андре Глюксманн және Бернард Анри Леви бар.

Ашық хат Еуропа Одағына мүше 27 елді Грузияның бейбіт жағдайда аймақтық тұтастығын қайта қамтып, Ресейдің заңсыз түрде Грузия жеріне кіргізген күштерін шығаруға қол жеткізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG