Accessibility links

БҰҰ-ның ғаламдық жылынуға арналған саммиті ашылды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның әлемнің 100 шақты жетекшісі қатысып жатқан ғаламдық жылынуға қарсы күреске арналған саммит отырысын ашты.

Жиынның ашылуында сөйлеген Пан Ги Мун осы жылы ғаламдық жылынуға қарсы жаңа келісімге қол жеткізе алмау моралдық жағынан кешірілмеуі мүмкін деді.

Бұл саммиттің мақсаты әлем жетекшілерінің арасында желтоқсан айында Копенгагенде жасалған климаттың өзгеруіне қатысты жаңа келісімді қарау болып отыр.

Копенгаген кездесуінің мақсаты ғаламдық жылынудың алдын алу үшін бірқатар елдердің газ шығаруын азайтуға міндеттейтін 1997 жылғы Киото хаттамасы сынды құжат қабылдау болды.

БҰҰ-ның бұл жиыны дәулетті елдер мен дамушы елдер арасындағы газ эмиссиясын азайту тұрғысында тығырыққа тірелген мәселені шешіп және ірі дамушы елдер Қытай мен Үндістанның бұл келісімге қосылуына көмектеседі деген сенім артылған.
XS
SM
MD
LG