Accessibility links

АҚШ және Ресей басшылары Нью-Йоркте кездеседі


АҚШ және Ресей президенттері бүгін Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблеясының кезекті жиыны аясында кездеседі.

Барак Обама мен Дмитрий Медведев Иранның ядролық бағдарламасын, стратегиялық шабуыл қарулары туралы жаңа келесім жасау мүмкіндіктерін, зымыранға қарсы қорғаныс бойынша АҚШ жоспарын талқыламақ.

Өткен аптада Мәскеу Ақ үйдің зымыранға қарсы қорғаныс нысандарын Еуропаға орналастыру жоспарын қайта қарау туралы шешімін қолдай отырып, бұл мәселеде Ресей АҚШ-пен әріптестік орнатуға дайын екендігін білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG