Accessibility links

Иран реформашыл әйелді қамаған


Бүгін Иранның реформашыл вебсайты президенттік сайлаудан кейінгі қамаулардың жалғасы ретінде тағы бір белгілі реформашыл әйелдің қамалғанын жазып отыр.

Norooznews сайтының хабарлауынша, реформашыл партияның мүшесі Азар Мансоури сейсенбі күні кешкісін ұсталған.

Мансоури маусымның 12-дегі президенттік сайлаудан кейінгі шерулерге қатысты қамауға алынған Мохсен Мирдамадидің орынбасары болған. Ахмадинежад билікке қайта келгеннен бері бұл реформашыл партияның 20 мүшесі қамалды.
XS
SM
MD
LG