Accessibility links

Еуропа полициясы 4 косоволық сербті қамады


Еуропа Одағының Косоводағы полициясы 1998-99 жылғы Косово соғысына қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен төрт сербті қамауға алды.

ЕуроОдақтың полиция және әділет миссиясының мәлімдемесінде, күдіктілер Косовоның оңтүстігіндегі Гниляне аймағынан ұсталған делінген.

Бұларада Белградта Сербияның соғыс қылмыстары трибуналында 1999 жылы Гнилянеде адамзатқа қарсы қылмыс жасаған деген айып тағылған 17 косоволық албанның соты ашылды.

Олардың жетеуінің соты сырттай жүріп жатыр, қалған тоғызы Сербияның оңтүстігінде желтоқсан айында ұсталған.
XS
SM
MD
LG