Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 12 бейбіт тұрғын қаза тапты


Ауған ресмилері хабарлағандай, жол бойына қойылған екі бөлек бомба жарылысынан ішінде балалар мен әйелдер бар 12 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Қандағар провинциясы басшысының өкілі Залмай Аяубидің сөзіне қарағанда, бүгін аудан орталығындағы жол бойына қойылған бомба жеті адамның өмірін әкетті.

Сондай-ақ Фарах провинциясының полиция өкілі Абдул Рауф Ахмади Гулистан ауданында бес адам көліктері бомсбаға түсіп қаза тапса, сегізі жараланды деді.

Ресмилер Фарах пен Қандағар провинциясындағы жарылыстарға талибан бүлікшілерін айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG