Accessibility links

Құлыбаев: BG шағымы Қарашығанақ жобасына әсер етпейді


Британиялық British Gas Group компаниясының Қазақстан үкіметіне қарсы халықаралық төрелік сотына түсірген шағымы Қарашығанақ кен орнын игеруді көздейтін жобаны жүзеге асыруға әсер етпейді деп мәлімдеді «Kazenergy» қазақстандық қауымдастығының басшысы Тимур Құлыбаев бейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Құлыбаев төрелік сотқа дейін BG-мен бір келісім болатындығына сенім білдіріп, британдық компанияның Қарашығанақ жобасынан шығу ойы жоқ екендігін атап көрсетті.

Қазақстан бюджетіне экспорттың кедендік баж салығын төлеуді заңсыз деп санайтын BG Қазақстан үкіметінен 1 миллиард доллардан астам қаржыны қайтаруын талап етіп халықаралық төрелік сотына шағымданған болатын.
XS
SM
MD
LG