Accessibility links

Қазақстанда астық алқабының 75 пайызы жиналды


Қазақстанда астық алқабының 75 пайызынан 16 миллион тоннаға жуық өнім жиналды деп хабарлады бейсенбі күні ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні жиналған астық көлемі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Қазақстан биыл таза салмағы 17 миллион тоннадан астам астық жинауды көздеп отыр.

Республиканың астық алқаптарынан өткен жылы 15,6 миллион тонна, ал 2007 жылы 22,6 миллион тонна өнім алынған болатын.
XS
SM
MD
LG