Accessibility links

Пәкістанда бүлікшілердің шабуылынан 6 адам қаза тапты


Талибан қозғалысының бүлікшілері Пәкістанның солтүстік-батысында кем дегенде алты бейбіт тұрғынды өлтірді деп хабарлады жергілікті полиция.

Шабуыл Банну ауданына қарай бет алған жолаушыларға жасалған. Қаза болғандардың арасында ру ақсақалдары да бар. Олар үкімет қаржыландыратын полицияның осы аудандағы бүлікшілерге қарсы тұруында белсенділік танытып келген.

Банну ауданы тынышсыз Солтүстік Вазаристанға жақын орналасқан. 2001 жылы АҚШ күштері Ауғанстанға кірген кезде Әл-Қайда мен Талибан қозғалысы осы аймаққа қарай ығысқан болатын.
XS
SM
MD
LG