Accessibility links

Шамамен 15 тұтқын Ирақ түрмесінен қашты


Ирақ ресмилерінің мәлімдеуінше, лаңкестікте айыпталған 15-ке жуық тұтқын сәрсенбі күні кешке Тикрит қаласындағы түрмеден қашып кеткен. Әскерилердің баспасөз хатшысы Абдул-Карим Халафтың хабарлауынша, қашып кеткен тұтқындардың алтауы қауіпті.

Билік орындары қалада коменданттық сағат жариялады. Елдің солтүстігіндегі бұл аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
XS
SM
MD
LG