Accessibility links

Ресей Польшаны сынады


Ресей Польшаның Совет үкіметінің іс-қимылдарына қатысты шешімін сынады.

Сәрсенбі күні поляк заңшығарушылары осыдан 70 жыл бұрын Совет үкіметінің Польшаның шығысын басып алғандығын айыптайтын қарар қабылдаған болатын. Польша парламентінің төменгі палатасы Ресейді соғыс кезіндегі Сталиннің қылмыстарын айыптауға шақырды.

Ресей сыртқы істер министрі бұл қарарды сынап, Польша депутаттары осы шешімді қабылдау арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған әрекеттерге қауіп төндірді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG