Accessibility links

Әлемнің алпауыт елдері Иранға ескерту жасады


Әлемнің алпауыт елдері Иранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты маңызды жауап қайтаратынын ескертті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия Нью-Йорктегі БҰҰ бас ассамблеясы барысында Иранға қатысты кездесу өткізді. Сәрсенбі күні АҚШ, Ресей, Қытай, Британия, Франция, Германия ресмилері Теһранға байланысты өз ұстанымдарын талқылады.

Әлемнің алпауыт елдері қазанның 1-де Женевада Иран өкілдерімен кездеспекші. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның айтуынша, Иран өз ниеттеріне байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG