Accessibility links

БҰҰ-ның жаңа қарары әлемді ядролық қарудан босатуға бағытталады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлемді ядролық қарудан құтылдыруға бағытталған қарарды бірауыздан мақұлдады. 15 мүшесі бар бұл кеңес аталған қарарды АҚШ президенті Барак Обама төрағалық еткен арнайы саммитінде қабылдады.

АҚШ қолдап отырған бұл қарар ядролық қарулардың жайылуының алдын-алуға қатысты әрекеттерді күшейтуге және ядролық қарусыздануға сондай-ақ ядролық лаңкестіктің қауіпін азайтуға шақырады. Мақұлданған қарар әлем елдерін Ядролық қаруды таратпау мен жан-жақты сынақтарға тыйым салу туралы келісімдерге қол қоюға шақырады.
XS
SM
MD
LG