Беслан трагедиясына - 5 жыл

1
№ 1 мектепте бес жыл бұрын қаза тапқандарға қойылған ескерткіш алдында әйел жылап тұр. Беслан. Солтүстік Осетия - 1 қыркүйек, 2004 жыл. 32 шешен содыры Бесландағы №1 мектепке шабуылдады. 1,100 оқушы және оның туыстары, мектеп мұғалімдері үш күн бойына кепілдікте отырды. Содырлар Шешенстанды федералдық күштерді шығаруды талап етті. Ресей қауіпсіздік күшінің шабуылынан кейін кепілде отырған 331 адам құрбан болды. Оның ішінде 186 бала болған..

2
Ресей қарулы күштері Бесландағы №1 мектеп сыртында тұр. - Беслан оқиғасынан тірі қалғандар мен құрбан болғандардың туыстары Ресей қауіпсіздік күштерінің әрекетіне ашу-ызалы. Көбі сол кездегі президент Владимир Путиннің трагедиядан кейінгі сөздерін түсіне алмағандықтарын айтады.

3
Екінші күні 26 әйел мен баланы босатқаннан кейін, жауынгердің бірі сәбиді аман алып шықты. - Ресми мәліметтер бойынша, кепілде отырғандарды жазым ету мектеп ғимаратына бомба қойғанда басталған. Алайда, бесландықтардың көбі жауынгерлердің өзі атыс кезінде мектепке гранаталар лақтырды деп есептейді. Содан кейін мектеп шатыры өртке оранған.

4
Арнайы күштер басып кіргеннен кейін, кепілдіктен босатылған баланың бірі жылап тұр. 3 қыркүйек, 2004 жыл. - Бірқатар куәгерлердің айтуынша, олар мектеп жанынан танкілердің от шашқанын көрген. Тәуелсіз зерттеушілер кепілде отырғандарды құтқару операциясының сәтсіз өткенін айтады.

5
Ескерткіш тақтада - Беслан оқиғасында құрбан болғандардың суреті. - Мемлекеттік Думаның депутаты, жарылғыш заттар бойынша эксперт Юрий Савельев жариялаған баяндамасында мектептің сырттан атқыланғандығын мәлімдейді.

6
Нұр-Паша - тірі қалған Беслан террорисі. 26 мамырда өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. - Тірі қалғандар мен құрбандардың туыстары тек бір ғана адам- Нур-Паша Кулаевтың жазаға тартылғанына наразы. Оқиғаға қатысы бар жергілікті үш полицияға да рақымшылық берілді. "Үкімет шенеуніктері Бесландағы оқиғаны ұмытқылары келеді. Олар бізді естігілері келмейді", – дейді Беслан оқиғасында екі немере інісін жоғалтқан Элла Кесаева, Азаттық радиосына.

7
2006 жылы, мамырда Беслан құрбандарының туыстары Кулаев сотының сыртында наразылық шарасын өткізді. - "Менде шындықты ешқашан білмейміз бе деген күдік пайда болды. Дубровка оқиғасы секілді (2002 жылғы Мәскеудегі театрды басып алу оқиғасы), – деген кавказдық сарапшы Алексей Малашенко, – ең соңында ауторитарлық жүйенің талқылауы жалғаса береді. Себебі, шын мәнінде ешқайсысы ашық емес, тәуелсіз зерттеу болған жоқ. Бәрі де бақылауда болды", - деді.

8
Құрбан болғандардың туыстары 2007 жылы үш полицей сотталып, соңынан оларға рақымшылық берілгеніне наразы болды. - Беслан трагедиясы жайындағы ресми версияға сенбейтіндер өте көп.

9
Жарылған мектеп-гимназияның көрінісі, мұнда бір мыңнан астам адам кепілде болып, олар бірнеше күн бойына нәр татпады. - 2007 жылғы Ресей Левада орталығының сауалнамасы нәтижесінде сұралғандардың 8 пайызы ғана үкімет шындығын айтты дейді.

10
Зиярат етушілер мемориал кешенінде құрбан болғандарды еске алуда. (EPA) - Фотолар AFP, EPA және TASS мұрағатынан алынды.