Accessibility links

Питсбургтағы сессия экономиканы «үлкен жиырмалыққа» беруді ұйғарды


АҚШ-тың Питсбург қаласында өтіп жатқан саммитте әлемнің алдыңғы қатарлы жиырма мемлекетінің басшылары әлемдік экономикалық мәселелерді шешуде дамушы елдердің ролін өсіруді қолдады.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, ендігі жерде халықаралық экономикалық мәселелерді талқылайтын басты форум - жиырма мемлекеттің басшыларының кездесуі болады. «Үлкен жиырмалықтың» құрамында Қытай, Үндістан және басқа да қарқынды дамып келе жатқан елдер де бар.

«Үлкен сегіздік» болса халықаралық қауіпсіздік мәселелерін басты назарда ұстайды.
XS
SM
MD
LG