Accessibility links

Иранның уран байытатын екінші зауыты бар деп хабарланды


Батыс ақпарат агенттіктері аты-жөнін атағысы келмеген Иран ресмилеріне сілтеме жасай отырып, Теһран уран байытатын екінші зауыттың бар екенін жариялады деп хабарлады.

Әлгі ресмилердің айтуынша, бұл жөнінде Иран дүйсенбі күні Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің басшысы Мохамед Әл-Барадейге жолдаған хатында мәлімдеген.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі уран байтуын тоқтатудан бас тартып отырған Иранға бірқатар санкциялар енгізген болатын. Бұдан бұрын Теһран өзінде уран байытатын тек бір ғана зауыттың бар екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG